Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық педагогтердің атынан ақ халатты абзал жандар - дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ол қоғамдағы маңызды мамандық иелері - ұстаздар мен дәрігерлердің есімдері ерекше құрметпен аталатынына тоқталып, пандемия жағдайындағы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты.

"Алтын Шипагер-2021" салтанатты рәсімі барысында Асхат Аймағамбетов "Үздік жас зерттеуші" және "Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

"Біздің сүйікті дәрігер", "Біздің батыр!" тақырыбындағы іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан Covid-19 індетіне қарсы отандық вакцинаны жасап шығарған Білім және ғылым министрлігі ғылыми қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10218633247638628/?d=n