Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: Вакцинаны әзірлеу – ғалымдарымыздың жеңісі

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: Вакцинаны әзірлеу – ғалымдарымыздың жеңісі

Отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинаcы клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңінен өтіп жатыр. 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы 2021 жылғы сәуір айының соңында қолжетімді болады.

💬«Вакцинаны жасау және оның үшінші кезеңге жетуі ғалымдарымыздың жеңісі деп білемін. Бұл жетістік ғылым саласындағы биологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі зор әлеуетімізді көрсетеді. ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында мол тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ғалымдар жұмыс істейді. Ғылымның осы бағытын дамыту және институтты қолдау үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Мен ғалымдарымызды қолдауға шақырамын, олар бұған лайық», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.