Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:

«Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл;

 «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», "Ветеринария»  білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл қажет.

 

Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды

Бұған дейін педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу үшін шекті балл 50 балл болған. Осы мамандыққа мықты түлектерді қабылдау мақсатында 2021 жылы ҰБТ-ның шекті балы 75 балға дейін көтерілді.

Өткен жылы педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгіі» иегерлерінің саны шамамен 2 есеге артты. Ал педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түскендердің орташа балы 90 балға жетті. Бұл педагог мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді.

Болашақ мұғалімдерді ынталандыру үшін олардың стипендиялары 42 мың теңгеге дейін өсті. Қазір педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер ең жоғары стипендия алып жатыр.

Сонымен қатар, Президент Қ.Тоқаев мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттыруды тапсырған болатын.