2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖЕКЕ ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМДАР БЕРЕТІН БОЛАДЫ. БҰЛ НЕ БЕРЕДІ ЖӘНЕ ЖАЛҒАН ДИПЛОМНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖЕКЕ ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМДАР БЕРЕТІН БОЛАДЫ. БҰЛ НЕ БЕРЕДІ ЖӘНЕ ЖАЛҒАН ДИПЛОМНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?
2018 жылы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтетін заң қабылданды. Бұл заң жоғары оқу орындарына өздерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, оқыту нәтижелерін тұжырымдауға, студенттердің жүктемесін анықтауға мүмкіндік берді.
Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту бойынша таңдалған жол - дұрыс және негізделген екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Бұрын-соңды жоғары оқу орны жаңа білім беру бағдарламасын ашу үшін Білім және ғылым министрлігіне жүгініп, көптеген сараптамалардан өтуі талап етілетін. Бұған орта есеппен 2 жыл уақыт жұмсалатын еді. Осы уақыт аралығында білім беру бағдарламасы өзектілігін жоғалтатын. Өйткені еңбек нарығы тез өзгеріп, жұмыс берушілер жаңа құзыреттері бар таланттарды іздейтіні белгілі.
Енді жоғары оқу орны бағдарламаны өзі әзірлеп, оны Білім және ғылым министрлігі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізеді. Бүгінде бұл реестрде оқу орындарының 9 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бар.
БІРІНШІДЕН. Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар ЖОО-лардың берілетін диплом үшін жауапкершілігін арттыру қажет. Егер университеттің өзі білім беру бағдарламасын әзірлесе, онда ол маман даярлау сапасына және осындай сапаны растайтын құжатқа жауап беруі керек.
Мемлекеттік үлгідегі дипломдармен университеттерден осындай жауапкершілікті талап ету мүмкін емес, өйткені дипломдағы «БҒМ» сілтемесі маманды кім дайындағаны және оның білімі мен дағдыларының сапасына кім жауап беретіні туралы қате түсінік береді.
ЕКІНШІДЕН. Жоғары білім берудегі «шаблондық» тәсілдер әр университеттің артықшылығын көрсетуге мүмкіндік бермейді және бәсекелестік тудырмайды.
Білім беру сапасының бәсекелестігі қарқын дамып келе жатыр. Студенттер сапалы білім беретін университеттерде оқығысы келеді. Ол үшін жоғары оқу орындары аккредиттеуден өтеді, білім беру бағдарламаларына жұмыс берушілердің сертификаттауын алады. Университеттер бірыңғай шаблоннан алшақтап, дипломдарда аккредиттеу мен сертификаттауға сілтемелер жасауы ең алдымен, дипломды жұмыс берушілер мойындауы үшін негізделген.
ҮШІНШІДЕН. Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді. МАК мүшелерінің қолы мен ұсақ шрифтпен мамандығы жазылған бағалы қағаз жұмысқа орналасуға кепіл бола алмайды. Үміткер жұмыс берушінің алдында диплом үлгісімен емес, білімімен, дағдыларымен дәлелдеу қажет.
ТӨРТІНШІДЕН. Жеке үлгідегі дипломдар БҒМ-нің минималды талаптарына сәйкес келуі тиіс. Дипломдарда жоғары оқу орны, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуі тиіс. Берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуға тиіс.
БЕСІНШІДЕН. Әр дипломда БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады. Әрбір осындай нөмір ҰБДҚ -да сақталады және белгілі бір студентке байланады. Бұл кез-келген уақытта дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Диплом нөмірлерінің сәйкес келуі және олардың өзгеруіне жол берілмейді. Деректердің қауіпсіздігін блокчейн технологиясын қолдану және мәліметтерді шифрлау қамтамасыз етеді.
АЛТЫНШЫДАН. Жеке үлгідегі дипломдарды ҰБДҚ-ға байланыстыру түлектің ЖОО-да оқығанын, қандай білім беру бағдарламасында оқығанын, дипломдық жұмысты қашан қорғағанын және дипломды қашан алғанын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл диплом бланкілері үшінші тұлғаларға қол жетімді болған жағдайда «диплом сатумен» күресу үшін қажет.
ЖЕТІНШІДЕН. «Білім туралы» заңына сәйкес әр дипломда қорғаныс белгілері болуы керек.
СЕГІЗІНШІДЕН. Жоғары оқу орнының осы оқу орнында оқымаған, білім беру бағдарламасын аяқтамаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіз болады.
ТОҒЫЗЫНШЫДАН. Жеке үлгідегі дипломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.