
Еліміздің өңірлерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде.
Олимпиадаға республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға бұрын қатыспаған 11 (12)-сынып оқушылары қатысады. Биыл бірінші кезеңде лицейлер, гимназиялар және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 3 626 оқушысы бақ сынауда.
Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады:
▫️ бірінші кезең - өңірлік;
▫️ екінші кезең - іріктеу;
▫️ үшінші кезең - республикалық.
Қатысушылар олимпиаданың барлық кезеңінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша іріктеу кезеңіне облыстардан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-дан 20 оқушыға дейін, республикалық білім беру ұйымдарынан 8 оқушыға дейін қатысуға мүмкіндік алады.