Оқу-ағарту министрлігінде Түркістан облысындағы білім беру мәселелері талқыланды

Оқу-ағарту министрлігінде Түркістан облысындағы білім беру мәселелері талқыланды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевпен кездесті. Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов пен Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Камилла Ауанасова да қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тамыз конференциясында Түркістан облысындағы білім сапасына арнайы тоқталып, министрлік пен әкімдіктің бірлесіп жұмыс жүргізуі қажет екенін айтқан болатын. Кездесуде осы тапсырманың орындалуы және өңір мектептеріндегі оқу нәтижелерін жақсарту жолдары талқыланды. 

Облыстық білім басқармасы мектептердегі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыс туралы мәлімет берді. Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бағалау нәтижелері де қаралды. Тараптар көрсеткіштері төмен мектептерге қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби даярлығын күшейту және оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Кездесу қорытындысында министрлік пен облыс әкімдігі анықталған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге келісті. Мектептердің оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған нақты шаралар өңірдегі білім сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарда ескеріледі.