Жұлдыз Сүлейменова білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады

Жұлдыз Сүлейменова білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Жұлдыз Сүлейменова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бүгін табысталған мемлекеттік және ведомстволық наградалар - сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге берілген жоғары баға. Өскелең ұрпақтың болашағы жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Марапат иелерінің қатарында мектеп педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлаған жаттықтырушылар бар.

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР

«Құрмет» ордені:
• Нұрбақова Гүлия Серікмұхаметқызы

«Ерен еңбегі үшін» медалі:
• Асқарова Лейла Серікқызы
• Әбдіқұлов Асхат Талғатұлы
• Бахытжан Елдана Ғалымжанқызы
• Васильев Антон Николаевич
• Жоламанова Айгүл Төлегенқызы
• Қабақ Мұхтар Төлеуұлы
• Молдашев Руслан Құрманғалиұлы
• Нысанбаев Марат Қуанғалиұлы
• Сыдықова Кәмилә Тұрашқызы

«Шапағат» медалі:
• Бадамбекова Шынарай Шарханқызы
• Дәулетова Аида Дүйсенбайқызы
• Оразбаев Дінмұхаммед Серікұлы

ВЕДОМСТВОЛЫҚ НАГРАДАЛАР

«Еңбек ардагері» медалі:
• Боранбаева Алмагуль Армиевна
• Сарсембаева Гульнар Онайбековна
• Шаукенова Бигайша Уразовна

«Ыбырай Алтынсарин» медалі:
• Садыркулова Улмира Салкынбековна
• Дуйсебаев Бакберген Мамбеткулович
• Кучумова Аида Мейрамовна
• Балжигитова Мугилсин Сарсеновна
• Альменева Алия Мейрбековна
• Умарова Гульсара Сулеймановна
• Есенова Шынар Байділдақызы
• Сиванбаев Мурат Сергалиевич
• Каллямова Карлыгаш Айтпаевна
• Доса Ғалия Жұрқабайқызы
• Бибосинова Гаухар Толеугалиевна

«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі:
• Мұқанов Әлем Мақсатұлы
• Кусегенова Райгуль Урынбаевна
• Ауезханова Гаухар Женисовна
• Жекенова Акмарал Канатбаевна
• Доспанова Салтанат Муратовна
• Кушкимбаева Сандугаш Тулеухановна
• Абдрахманова Гульмира Гапаровна
• Кораласбаев Кали Ергазиевич
• Битенбаева Мира Нурпаевна

«Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы:
• Туремуратов Талгат Муканбетович