
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өңірлік Тамыз педагогтер конференциясына қатысты.
Іс-шара Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың төрағалығымен өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, ардагер ұстаздар мен сала мамандары қатысты.
Конференция барысында білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысы оқушыларының, соның ішінде ауыл мектептері оқушыларының жоғары жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттарына жүйелі назар аударудың маңызын айтты.
Конференция барысында Павлодар облысының педагогтері марапатталды.
Іс-шара аясындағы цифрлық көрмеде өңірдің білім беру ұйымдары заманауи техникалық шешімдер мен озық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды.