
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өткен қалалық Тамыз педагогтер конференциясына қатысты.
Іс-шараға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар, педагогтер және халықаралық мамандар қатысты.
Пленарлық отырыста білім беру жүйесін стратегиялық дамыту, Жаңа Конституция құндылықтарын дәріптеу, жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу және адами капиталды нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби жолына қажетті құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру бағыттары қаралды.