Оқу-ағарту министрі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге өңірдің білім басқармасы мен бала құқықтарын қорғау басқармасының басшылары да қатысты.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру аясында өңірде балалардың құқықтарын қорғау, буллингтің, құқық бұзушылықтар мен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға атаулы көмек көрсету және оларды ведомствоаралық сүйемелдеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын 2026-2027 оқу жылына дайындау барысы, оның ішінде білім беру нысандарының дайындығы және балаларға қауіпсіз жағдай жасау мәселелері талқыланды.