Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталыққа барып, балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, сондай-ақ қосымша білім беру мен балалардың жан-жақты дамуына арналған мүмкіндіктермен танысты.📚

Министрге білім беру, мәдени және спорт бағыттарын біріктіретін орталықтың қызметі таныстырылды. Мұнда робототехника, шахмат, шығармашылық және спорт үйірмелері жұмыс істейді, сондай-ақ түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге жағдай жасалған.
☀️

Сапар барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, оларды қосымша біліммен қамту және қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.🤝

Сондай-ақ қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, балалар мен отбасылар үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.✅

Осындай қоғамдық орталықтар балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.