Жұлдыз Сүлейменова республикалық жазғы сессияға қатысушы ұстаздармен ашық диалог өткізді

Жұлдыз Сүлейменова республикалық жазғы сессияға қатысушы ұстаздармен ашық диалог өткізді

Астанада өтіп жатқан «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессия аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтермен ашық диалог өткізді.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау және адами капиталды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Жаңа Конституцияда білім беру, ғылым, инновация және адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанына тоқталды.

Ашық диалог барысында педагогтер жаңа оқу жылындағы өзгерістерге, оқу процесін ұйымдастыруға, бағалау жүйесіне, цифрлық шешімдерді қолдануға, педагогтердің кәсіби дамуына және білім беру саласындағы өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын қойды.

Министр көтерілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме беріп, педагогтердің ұсыныстары мен пікірлері білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру барысында ескерілетінін айтты.

Іс-шара соңында Жұлдыз Сүлейменова республикалық жазғы сессияға қатысқан педагогтерге сертификаттар табыстады. Осылайш