Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің делегациясы «Сириус» федералдық аумағына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің делегациясы «Сириус» федералдық аумағына жұмыс сапарымен барды

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері «Сириус» федералдық аумағындағы мектептік білім беруді ұйымдастырудың озық тәжірибесімен танысты. Жұмыс сапары барысында дарынды балаларды ерте анықтау және қолдау, педагогтерді даярлау, оқушылардың зерттеу қызметін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапардың негізгі тақырыптарының бірі білім беру, ғылым, жобалық қызмет пен жоғары технологиялық бағыттарды біріктіретін дарынды балаларды ерте анықтау және дамыту моделін зерделеу болды.

Сапар аясында делегация «Сириус» білім беру орталығында, Президент лицейінде, «Сириус» ғылыми-технологиялық университетінде, колледжде, заманауи зертханалар мен инновациялық білім беру алаңдарында болды. Жасанды интеллект, робототехника, ғарыштық технологиялар, биомедицина және басқа да жоғары технологиялық бағыттар бойынша оқытуды ұйымдастыру тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытылды.

Семинарлар, стратегиялық сессиялар және сараптамалық кездесулер барысында қатысушылар заманауи білім беру процесін ұйымдастыру, педагог кадрларды даярлау, зерттеу ортасын дамыту, дарынды балаларды қолдау, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі тиімді басқарушылық шешімдерді енгізу және бюрократиялық жүктемені азайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Озық халықаралық тәжірибені зерделеу Қазақстанның білім беру жүйесінің басымдықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді білім беру тәжірибелерін бейімдеуге мүмкіндік береді.