Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Министрлік қызметкерлеріне еліміздің жаңа Конституциясын табыстады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Министрлік қызметкерлеріне еліміздің жаңа Конституциясын табыстады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлеріне еліміздің жаңа Конституциясын табыстады.

Ұжымға сөз сөйлеген министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын дамытуды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындағанын, ал жаңа Конституцияда білім беру, ғылым және инновациялар еліміздің стратегиялық даму басымдықтары ретінде бекітілгенін атап өтті.

Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметші үшін Конституция елдің Ата Заңы ғана емес, кәсіби қызметте, шешім қабылдауда және қоғамға адал қызмет етуде басты бағдар екені айтылды.

Салтанатты рәсім заң үстемдігі, жауапкершілік және мемлекеттік қызмет қағидаттарына деген Министрлік ұжымының адалдығын айқындайтын маңызды іс-шараға айналды.