
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласындағы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне барды.
Министр колледждердің оқу-өндірістік базасымен, заманауи зертханаларымен және өндірістік оқыту шеберханаларымен танысып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар колледж студенттері мен оқытушылары жүзеге асырып жатқан инновациялық және өндірістік жобалар таныстырылды.
Сапар барысында Жұлдыз Сүлейменова колледж ұжымдарымен және студенттермен пікір алмасып, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілермен әріптестікті одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.