2020 жылғы 20 қараша күні сағат 10:00-де Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында брифинг өтеді.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Брифингке ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимова, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрі Ерлан Аукенов, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің орынбасары Вероника Ващенко, ҚР ІІМ және ҚР ДСМ өкілдері қатысады.

Тікелей эфир ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүргізіледі https://www.facebook.com/edugovrk.  

Журналистерді аккредиттеу 19 қараша сағат 19.00-ге дейін жүргізіледі. Журналистің аты-жөні, байланыс деректері, БАҚ атауы және спикерлерге қоятын сұрақтарын көрсете отырып pressa.edu@gmail.com поштасына жіберу қажет.

БАҚ өкілдеріне ZOOM-ға сілтеме брифинг басталғанға дейін жіберілетін болады.

Қосымша ақпарат үшін: тел. +7 701 136 02 77, Айгүл Тәшетова.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі