«Keleshek Camp Fest – 2026» Қостанай облысындағы «Келешек мектептері» оқушыларының көшбасшыларын біріктірді

«Keleshek Camp Fest – 2026» Қостанай облысындағы «Келешек мектептері» оқушыларының көшбасшыларын біріктірді

Қостанай облысында алғаш рет «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің оқушылары арасында облыстық жазғы көшбасшылық фестиваль - «Keleshek Camp Fest – 2026» өтті.

Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Әр мектептен педагог-тәлімгер жетекшілік ететін 10 оқушыдан құралған команда қатысты.

Фестиваль «Бір аймақ - бір команда!» ұранымен өтіп, балалардың көшбасшылық, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жоба мектептерінің оқушылары арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Бағдарламаның ең жарқын кезеңдерінің бірі «Keleshek Sport Cup» спорттық турнирі болды. Қатысушылар командалық жарыстарда бақ сынап, төзімділік, өзара қолдау және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар кубоктармен және медальдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ «Mission: Keleshek» квесті де мазмұнды өтті. Оның ерекшелігі - әртүрлі мектептердің оқушыларынан құралған аралас командалар болды. Зияткерлік, шығармашылық және командалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатуды, шешім қабылдауды және ортақ мақсатқа жету жолында бірлесіп жұмыс істеуді үйренді.

Фестиваль «Keleshek Show Time» бағдарламасымен қорытындыланды. Оның аясында музыкалық челлендждер, караоке байқаулары, би батлдары мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Күні бойы қатысушыларды достық, шығармашылық және командалық бірлік атмосферасы сүйемелдеді.

Фестиваль оқушылардың жазғы демалысының жарқын бөлігіне айналып, «Келешек мектептері» оқушыларының өзара қарым-қатынас жасауына арналған жаңа алаң қалыптастырды. Алғашқы «Keleshek Camp Fest – 2026» облыстың әртүрлі қалалары мен аудандарынан келген оқушыларды біріктіріп, жаңа таныстықтар орнатуға, пікір алмасуға және бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.