Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады

Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрліктің басшылық құрамымен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары, алдағы кезеңге арналған міндеттер және ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

1 шілдеден бастап күшіне енетін Жаңа Конституцияға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға құжаттың негізгі ережелері, оның білім беру жүйесінің алдағы жұмысындағы маңызы және онда көзделген нормаларды іске асырудың практикалық тәсілдері таныстырылды.

Басшыларға Жаңа Конституция табысталды.

Жұлдыз Сүлейменова Жаңа Конституцияның күшіне енуі білім беру жүйесін дамытудағы жаңа кезеңге жол ашатынын және оның ережелерін іске асыруға жауапты көзқарас қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар министр қызметкерлерді құжатпен кеңінен таныстыруды, ұжымдарда оны жан-жақты зерделеуді және министрлік жұмысына жаңа тәсілдерді сапалы енгізу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.