Wellington International Schools халықаралық білім беру тобы Қазақстандағы Haileybury мектептерінің серіктесі болады

Wellington International Schools халықаралық білім беру тобы Қазақстандағы Haileybury мектептерінің серіктесі болады

2027 жылы Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептері Wellington International Schools халықаралық білім беру тобының құрамына еніп, Wellington Almaty және Wellington Astana атауларымен жұмысын жалғастырады.

1853 жылы негізі қаланған Wellington International Schools әлемнің түрлі елдеріндегі мектептерді біріктіретін жетекші британдық білім беру топтарының бірі болып табылады.

Бұл серіктестік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге және бірлескен академиялық бастамаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу жағдайында бұл ынтымақтастықтың маңызы арта түседі. Wellington тобының осы бағыттағы халықаралық тәжірибесі педагогтердің кәсіби дамуына және оқытудың заманауи тәсілдерін кеңінен таратуға ықпал етуі мүмкін.

Серіктестік аясында білім алушылардың әл-ауқатына, заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға және балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар дарынды оқушыларды қолдауға арналған гранттық бағдарлама жалғасады. Жыл сайын 25 оқушыға дейін оқу құнының 90-100 пайызын қамтитын гранттар негізінде білім алу мүмкіндігі беріледі. Бағдарлама дарынды балаларды қолдауға және отбасының материалдық жағдайына қарамастан сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

Haileybury Almaty және Haileybury Astana коммерциялық емес білім беру жобасы ретінде жұмысын жалғастырып, қаражатын білім беру инфрақұрылымын дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағыттайды.