
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз еліміздің Туы мен Елтаңбасы бекітілді. Содан бері бұл күн егемендігіміздің, ұлттық бірегейлігіміз бен мемлекетімізге деген құрметтің символына айналды.
Биылғы мерекенің мәні ерекше. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Жаңа Конституцияның 11-бабында мемлекеттік рәміздердің мәртебесі айқындалып, олардың ел бірлігі мен егемендігінің мызғымас нышаны ретіндегі маңызы бекітілді.
Рәміздерге деген құрмет мектеп қабырғасынан басталады. Қазақстан мектептерінде Әнұран әр аптаның дүйсенбі күні салтанатты түрде орындалады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы түсіндіріледі.
Жас ұрпаққа отансүйгіштік құндылықтарды дарыту Оқу-ағарту министрлігі жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекеттік рәміздерді мектептерде кеңінен насихаттауға және олардың қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіруге ерекше мән береміз. Бұл жұмыс мектептер мен балабақшаларда тәрбие сағаттары, ашық сабақтар және түрлі тәрбиелік іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз. Туымыздың мәртебесі биік, еліміздің тыныштығы баянды болсын!