Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордада еліміздің барлық өңірінен келген 10-15 жас аралығындағы 5-8 сынып оқитын 100 оқушы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына экскурсия жасады.

Экскурсияға олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу үздіктері, шығармашылық байқаулардың лауреаттары, спорттық біріншіліктердің жеңімпаздары, сондай-ақ қоғамдық өмірде белсенді болған оқушылар қатысты.

Экскурсия барысында оқушылар жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен, заманауи цифрлық шешімдермен, робототехника және бағдарламалау бағыттарымен танысты. Балаларға интерактивті көрсетілімдер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, озық технологияларға деген қызығушылықты арттыруға ерекше назар аударылды.

Оқушылар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйелердің қызметін көріп, цифрлық технологиялардың түрлі салаларда қолданылуы туралы жаңа мәліметтер алды.

Іс-шара балалардың дүниетанымын кеңейтуге, цифрлық дағдыларын дамытуға және ғылым мен инновацияға қызығушылығын арттыруға бағытталды.