
Қабылдау барысында білім саласына қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Атап айтқанда, кадрлық мәселелер, бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі, педагогтердің біліктілік санаттары және еңбек құқықтарының сақталуына қатысты сауалдар көтерілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі, ауыл мектептерінің жағдайы мен балалар лагерьлерінің жұмысы талқыланды.
Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер министрдің бақылауына алынды.
Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді
Еске салайық, министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдайды. Қоғамдық қабылдау Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберісіндегі Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында тұрақты негізде өткізіледі.