
2026 жылы 17-25 мамыр аралығында Пусан қаласында (Корея Республикасы) физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтуде. Аталған білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан астам елден шамамен 240 оқушы қатысады. Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан командасының құрамасы:
Әмірбек Азатбеков - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 12-сынып оқушысы;
Роман Черемнов - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадір - Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мерген Сабыров - Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Арғын Сейткамит - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Қасымхан Байсейітов - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Даулет Құрмантаев - физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде «Best Female» арнайы сыйлығымен марапатталған.