
14-17 мамыр аралығында Варшава қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті. Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, өзара бақ сынады.
Халықаралық дода қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар ел мерейін үстем етті.
Айта кетейік, қазақстандық оқушылар аталған олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл – еліміздің жас зияткерлерінің философиялық ойлау мәдениеті мен білім деңгейінің қалыптасқанының айқын көрінісі.