Абай ұлттық мектебінде VІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті

Абай ұлттық мектебінде VІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті

Дәстүрлі түрде өтетін бұл олимпиада «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында Абай мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Олимпиадаға 14 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала және 3 Республилалық білім беру ұйымынан 9-11 сынып оқушылары қатысып, сайыста барлығы 112 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде 10 қатысушы І орынға, 16 қатысушы ІІ орынға, 23 қатысушы ІІІ орынға ие болып, 12 қатысушы арнайы грамоталармен марапатталды.

Бұл олимпиада - ұлттық руханиятты дәріптеп, жас буынның ой-өрісін кеңейтетін маңызды алаң.