«Кітап оқитын ұлт» жобасы: Қостанайда өңірдің үздік оқырмандары марапатталды

«Кітап оқитын ұлт» жобасы: Қостанайда өңірдің үздік оқырмандары марапатталды

Қостанай қаласында «Кітап оқитын ұлт» өңірлік жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жобаның мақсаты - қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылықты арттыру. Аталған бастама Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында ұсынған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, оқуды насихаттау және қоғамның зияткерлік мәдениетін дамытуға бағытталған. Пилоттық өңірлер қатарында Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласы бар.

Жоба аясында 6 бағыт бойынша ұйымдастырылған байқауларға мыңдаған тұрғын қатысты. Алғашқы айлардың өзінде жобаға тіркелгендер саны 55 мыңнан асты.

Қорытынды кезеңге:
• «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша 16 550 оқушы;
• «Кітап оқитын педагог» бағыты бойынша 11 047 ұстаз;
• «Кітап оқитын колледж» бағыты бойынша 2 080 студент қатысты.

Жоба мектеп оқушыларын, педагогтерді және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін біріктіріп, жастар мен кәсіби қауымдастық арасында кітап оқуды насихаттаудың тиімді алаңына айналды. Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздар әртүрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.