
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы EGMO-2026 жарысына қатысады. Олимпиада 2026 жылғы 9-15 сәуір аралығында Францияның Бордо қаласына өтеді. Бұл беделді халықаралық интеллектуалды жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық оқушы қыз бала қатысады. Команда құрамында төрт оқушы, екі жетекші бар. Қазақстан командасы бұл беделді халықаралық интеллектуалды жарысқа 2017 - жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушы қыздар 3 алтын, 13 күміс және 18 қола медаль, сондай-ақ 4 мақтау грамотасын жеңіп алған.
Команда құрамы:
Катунина Юлия – Павлодар қаласы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы;
Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы халықаралық «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Которова Вера – Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қайрат Аружан – Алматы қаласы, С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы;
Васильев Антон Николаевич – ғылыми жетекші, физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы және негізгі математика кафедрасының доценті;
Нсанбаев Марат – жетекші, халықаралық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы.