Алматыда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үздіктері анықталды

Алматыда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үздіктері анықталды

Алматы қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында география және химия пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 309 оқушы қатысып, 140 жүлдені сарапқа салды.

Білім бәйгесіне қатысушылар географиялық талдау жасау, табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру, сондай-ақ күрделі химиялық есептерді шығару және тәжірибелік тапсырмаларды орындаудан білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты -дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысатын ұлттық құраманы қалыптастыру.

Бес күнге созылған білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 29 оқушы І орын, 40 оқушы ІІ орын, 71 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы уақытта ұлттық олимпиадалық резерв құрамына енгізіліп, Қазақстан Республикасының намысын халықаралық білім додаларында қорғауға мүмкіндік алады.