Абай ұлттық мектебінде «Тазару күні» аясында «Ашық жүрек» волонтерлер клубының ұйымдастыруымен ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ерікті оқушылар мен мектеп ұжымы бірігіп, мектеп ауласын қоқыстан тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Аталған бастама - Абайдың «Жылы жүрек» қағидатына сай, қоғамға қызмет ету, ортаға жанашырлықпен қарау құндылықтарын дәріптеудің жарқын үлгісі болды.