Құрметке ие болғандардың арасында ұстаздар да бар. Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды. Бұл - тек ұстаздың еңбегі емес, отандық білім беру саласының халықаралық деңгейдегі биік белесі.