
Биыл Максим Цой Боливияның Сукре қаласында өткен әлемдік деңгейдегі ең беделді білім додаларының бірі – IOI халықаралық олимпиадасында күміс медаль иеленді. Ауқымды додадан Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медальмен оралды.
Жас дарынның табанды еңбегі мен айрықша жетістігі елеусіз қалған жоқ. Тамыз айында Максим Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ақордада өткен арнайы қабылдауына қатысып, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан 27 үздік оқушының қатарынан көрінді. Күміс жүлдесі үшін оған 1000 АЕК көлемінде бірреттік ақшалай сыйақы табысталды.