
Жақында Қызылорда облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен «16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне» орай Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жетістіктерін насихаттау мақсатында «Тарих және археология» білім беру бағдарламасы бойынша қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандитаты Сәтбек Тастанбек Яхьяұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Тәуелсіздік туралы терең мағұлматтар беріліп, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу тақырыбында лекция оқылды.
Аталмыш дөңгелек үстелге жеке құрам қатысып, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Қызылорда облысы ТЖД