Жоба
Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 «Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл көрсетіледі:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;
2) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне байланысты адамға (отбасыға):
амбулаториялық емдеу кезеңінде «туберкулез» әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
стационарлық емдеуден кейін «қатерлі ісіктер» әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
иммунитет тапшылығы вирусы аурумен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға - жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
иммунитет тапшылығы вирусы аурумен жұқпаланған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерде;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтама негізінде және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға анықтама негізінде – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда жылына 1 (бір) рет –30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік еселігінен мөлшерінен аспайтын тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің бір реттік еселігінен мөлшерінен аспайтын тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа кірісі бар болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - жылына 1 (бір) рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 7-тармағы алынып тасталсын.».