Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделін қалыптастыруда

Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық қолданудың ұлттық моделін қалыптастыруда

Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленуде.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі.

«Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат — жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету», - дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.

Ұлттық модельді әзірлеуде Эстония, Оңтүстік Корея, АҚШ секілді елдердің тәжірибелері зерделеніп, халықаралық беделді ұйымдардың ұсынымдары ескерілді.