
Ұлттық валюта күніне орай Қазақстан ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қабанбай батыр атындағы орта мектептің 3-сынып оқушыларымен «Теңге – тарихы жауапкершілік » атты танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Д.Дуйсенбинова оқушыларға ұлттық валюта – теңгенің тарихы мен маңыздылығын таныстырды. Төл теңгенің алғашқы шыққан жылдары, қолданылған монеталар мен банкноттар туралы қызықты деректер айтылды.
Балалар теңгеге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ақша жайлы жұмбақтар шешті. Сондай-ақ, кітапханашы балаларды қаржыны үнемдеуге, ақшаны тиімді жұмсауға, жинақтау мәдениетін үйренуге шақырды.