Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылады

Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылады

Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, жиналған ондаған мың текше метр қарды арнайы полигондарға шығарып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

9 қараша күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер 1 633 рейс жасап, 20 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға жеткізді.

10 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 415 жол жұмысшысы мен 1 143 арнайы техника жұмылдырылмақ.

Қысқы мезгілі басталғалы бері елордадан 110 мың текше метрден астам, яғни 8 917 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалыс орындары – аулалар, алаңдар, жаяу жүргіншілер жолдары және аялдамалар тазартылды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.