Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қордай ауданы Қарасай және Қақпатас ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөнінде учаскелік сайлау комиссияларымен өткізілген отырысы

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қордай ауданы Қарасай және Қақпатас ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөнінде учаскелік сайлау комиссияларымен өткізілген отырысы

2025 жылғы 09 қарашада Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қақпатас ауылдық округінің Қақпатас ауылындағы  №252, Беріктас ауылындағы №251 және Қарасай ауылдық округінің Қарасай ауылындағы №218, Еңбек ауылындағы №219 сайлау учаскелерімен ауыл әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөнінде отырыс өтті.

Отырыста «Қарасай және Қақпатас уылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың тізімімен таныстыру туралы», «Сайлау комиссиялары мүшелердің тіркелген кандидаттарға туыстық қатыстылығын зерделеу туралы», «ҚР ОСК 2025 жылғы 25 сәуірдегі  № 15/22 қаулысымен бекітілген жаңа құжаттардың нысандарымен таныстыру, толтыру тәртібін түсіндіру туралы», «Дауыс беруге арналған үй-жайды, сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктін жарақтандыру туралы», «Сайлаушылар тізімімен жұмыс және сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету  туралы», «Сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша есептер мен ұсыныстар тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылағаннан кейін аумақтық және учаскелік  сайлау комиссия мүшелеріне тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Олардың ішінде: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының   2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына сәйкес сайлау учаскелері дайындалуы, сайлаушылардың тізімдерін сайлаушыларға таныстыру және сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен орнын хабардар ету мақсатында шақыру қағаздарын тарату жұмыстарын жүргізу. 

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы