
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп, дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Биылғы айтыс «Жасанды интеллект пен еңбек адамы» тақырыбына арналды.
Додаға еліміздің 20 өңірінен 10-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Айтыстың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас дарындарды қолдау және олардың суырыпсалмалық қабілетін дамыту.
Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Бас жүлде және «Қола домбыра» иегері – Інжу Жаңабай (Жамбыл облысы);
* I орынды Нұрислам Рагат (Қостанай облысы) иеленді;
* II орынды Ақнұр Зинулла (Алматы облысы), Мейіржан Баршынбай (Павлодар облысы) бөлісті;
* III орын – Айғаным Мақсұтқанова (Астана қаласы), Белес Өтепберген (Ақтөбе облысы), Айша Бақтияр (Шымкент қаласы).
Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыс етіліп, жас ақындардың тәлімгер-ұстаздары да марапатталды. Сондай-ақ жас ақындар арнайы жүлделерге ие болды.
Айтыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» корпоративтік қоры, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.