
2025 жылдың тоғыз айында балаларды қосымша біліммен қамту жалпы оқушылар санының 87,2 %-ына дейін өсті, оның ішінде тегін үйірмелер мен секциялармен балалардың 62 %-ы қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 %-ға жоғары. Қосымша білім беру ұйымдарының желісі өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға өсіп, екі мыңнан астам бірлікті құрайды.
Кейбір қалаларда келушілерді тіркейтін және үйірмелер мен секциялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін пилоттық цифрлық жоба жүзеге асырылуда.