Астанада ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған республикалық «Abilympics-2025» чемпионаты өтті - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған республикалық «Abilympics-2025» чемпионаты өтті - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 120 жас қатысып, дәстүрлі қолөнер мен заманауи технологиялық бағыттарды қамтитын 15 кәсіби құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Екі күнге созылған чемпионаттың жабылу салтанатында сөз алған
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова чемпионаттың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапаттады.

Чемпионат аясында инклюзивті білім беруді дамыту бағытында ынтымақтастық орнатуға арналған маңызды келісімдер жасалды. «National Center ABILYMPICS QAZAQSTAN» қоғамдық қоры мен еліміздің 10-ға жуық колледжі өзара серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл құжаттар ерекше білім беруді қажет ететін жастарды кәсіби оқыту мен жұмыспен қамтуды ілгерілетуге бағытталған.

Айта кету керек, чемпионат инклюзивті кәсіптік білім беруді дамыту, тең мүмкіндіктер идеясын ілгерілету және ерекше қажеттіліктері бар жастардың еңбек нарығына енуіне жол ашу мақсатында ұйымдастырылды.