Облыстың денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері қаралды
2025 жылғы 18 қазанда Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Денсаулық сақтау басқармасының көшпелі алқасында облыс әкімінің орынбасары Р. М. Исатаевтың төрағалығымен 2025 жылдың III-тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізудің өзекті мәселелері мен бағалары қаралды.
Көшпелі алқаға медициналық ұйымдардың директорлары, алқа мүшелері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бақылау кеңестерінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес шешім қабылдаумен келесі мәселелер қаралды:
1. Денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары: көрсеткіштерге қол жеткізу және өзекті мәселелерді шешу үшін қабылданатын шаралар.
2. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасы мен көлемінің, шарттық міндеттемелердің мониторингі.
3. Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және 2025 жылдың соңына дейінгі міндеттер туралы.