Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай — ақ бұрынғы әріптестері өртке қарсы қызметтің алдыңғы қатарында болған ардагерлерінің бірі-Смағұлов Жарлығап Смағұлұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтады.
Жарлығап Әли бүкіл өмірін өрт сөндіру күзетіндегі қызметке арнап, мамандыққа деген адалдықтың нақты үлгісіне айналды. Оның өмір жолын екі ұлы да жалғастырды, олар отбасыларымен өртке қарсы қызметінің әртүрлі бөлімшелерінде қызмет етуде.
85 жасында ақсақал азаматтық қорғау жүйесінің дамуын бақылап, кәсіби қоғамдастықпен байланысын жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан Павлодар облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Әсет Сердалин ардагерге құттықтау сөзімен және терең алғыс сөздерін жеткізді.
Мерейтой иесіне арналған көптеген жылы сөздер мен шынайы тілектер бұрынғы әріптестерінен де келіп түсті.
Жарлығап ата өзінің адал өмірлік серігімен бірге төрт бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ол үлкен және тату отбасының құрметті отағасы болып отыр, сүйікті немерелері мен шөберелерінің атасы болып табылады.