Вакцинацияның, иммунопрофилактиканың қандай пайдасы бар?

Вакцинацияның, иммунопрофилактиканың қандай пайдасы бар?
Иммундау дифтерия, сіреспе, қызылша, полиомиелит, қызамық, А және В вирустық гепатиттері, құтыру, тұмау және өлім-жітімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін басқа да аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді.
 
Профилактикалық егулер Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген барлық инфекциялар өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді.
Полиомиелит тұрақты өмірлік параличке, дифтерия - параличке және миокардитке, эпидемиялық паротит - бедеулік пен қант диабетіне, В гепатиті - циррозға және бауыр қатерлі ісігіне, жүктілік кезіндегі қызамық – ұрықтың туа біткен органикалық зақымдалуына қауіп төндіреді. Сіреспеге қарсы вакцинацияның болмауы ересектер мен балалардың өліміне әкелуі мүмкін, тіпті шамалы жарақат болса да.
 
Туберкулез инфекциясынан егілмеген адамдарда мүгедектікке әкелетін көптеген асқынулары бар ауыр түрдегі туберкулез ауруының қаупі ондаған есе артады.
 
Егер иммундау басым міндеттердің қатарынан шығарылса, бұл көптеген қауіпті жұқпалы аурулардың қайтарылуына әкеледі.
Халықтың эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және халық арасында иммундық қабат құру үшін бүкіл өңірде егілгендердің үлес салмағы кемінде 95%-ды құрауы тиіс.
 
Иммундау-өте аз шығындармен белгілі бір адамның да, жалпы халықтың да денсаулығы мен әл-ауқаты үшін үлкен оң нәтиже беретін бірнеше шаралардың бірі.