Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні қарсаңында (28 қыркүйек) департамент мамандары Павлодар жоғары медициналық колледжінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.
Дәрісте Қазақстан Республикасы мен облыстағы эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдай, жұқтыру жолдары, клиникалық көрінісі, құтырма ауруының алдын алу, құтырмаға қарсы вакцина енгізу мәселелері қарастырылды.
Талқылау барысында аса қауіпті, карантиндік инфекциялар және туберкулез ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру талаптары, вакцинациямен қамту және биологиялық қауіпсіздік ережелері талқыланды.
Бірлескен күш-жігер арқылы ғана індеттің алдын алуға бағытталған жұқпалы аурулармен күресте табысқа жетуге болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.