Жасанды интеллект және жаңа инженерлік додалар

Жасанды интеллект және жаңа инженерлік додалар

Мемлекет басшысының 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауын іске асыру аясында жаңа бастама – AEROO Space AI Competition инженерлік жарысы бастау алады.

Бұл жарыс инженерлік және бағдарламалық шешімдерді жасанды интеллект технологияларымен біріктіруге бағытталған. Қатысушылар заманауи инженерлік тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өздерінің наноспутниктерін әзірлейді.

Жоба оқушылардың инженерияға, ғарыштық зерттеулерге және IT-бағыттарға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Жасанды интеллектіні ғылыми жарыстарға енгізу – халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жаңа буын инженерлері мен зерттеушілерін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

«AEROO Space AI Competition қазақстандық оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жай ғана жарыс емес, алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі. Ол ғылым мен техникадағы болашақ жетістіктердің берік іргетасына айналады», – деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Естеріңізге салайық, 2025–2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды. Күні кеше білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.