Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Қазақстанға келген ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристаф Камппен кездесті.

Кездесу барысында орта білім беру жүйесінде тілдерді дамыту, аз ұлттар өкілдерінің ана тілін үйрену мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ мәдени көптүрлілікті білім беру үдерісіне кіріктіру мәселелері талқыланды.

Министр осы бағытта жүзеге асырылып жатқан шаралар мен бастамалар жөнінде ақпарат берді. Өз кезегінде, Жоғарғы комиссар Қазақстанның этносаралық келісімді нығайту, аз ұлттардың тілдік және мәдени құқықтарын қолдау саласындағы бірегей тәжірибесін атап өтіп, бұл мәселеде жүйелілікті сақтаудың маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.