Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесу өткізді.
Тараптар білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында педагогтер мен студенттердің академиялық алмасуы, сондай-ақ жазғы білім беру бағдарламаларын және демалысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Елші биыл күзде Алматыда өтетін Инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысуға польшалық тараптың мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, оның ішінде колледждерді интернационалдандыру және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.