Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды. Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды.
* Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
* Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
* Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
* Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады:
* Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры;
* Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.
EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жас информатиктерімізді және олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!