Күн саны

Күн саны

2024 жылы 518 кәсіпорын еліміздегі 410 колледжге шефтік қамқорлық көрсетіп, қамқоршылық және салалық кеңестердің жұмысына белсенді қатысқан болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 8 есеге артып, шефтік әріптестік ауқымы айтарлықтай кеңейді. Нәтижесінде 613 колледж бен кәсіпорындар арасында жалпы саны 4151 меморандум жасалды.

Кәсіпорындар оқу бағдарламаларын жетілдіруге, студенттер үшін өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға, сондай-ақ колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға белсенді үлес қосуда.