ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар орта, инклюзивті және арнайы білім беру саласына қатысты, педагогтер құқықтарының қорғалуы бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Түскен өтініштер балалар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және олардың біліктіліктерін арттыру сынды өзекті мәселелерді қамтыды.

Бірінші вице-министр әрбір өтінішті мұқият тыңдап, нақты жауаптар берді. Сондай-ақ аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік басқармаларға тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі. Қабылдау кестесі министрліктің ресми сайтында жарияланған.